Түркістан облысында полицей Қанат Ғабитов қылмыскерді ұстау кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.
- Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді, деп жазды Сәденов.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Еске салайық, 11 ақпанда Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан полицей қаза тапқан болатын.
11 ақпан күні сағат 19:40-та «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, біреуі қайтыс болды.