8, 9, 10 наурыз күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖҰМЫС РЕЖИМІ
Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. Дүйсенбі күні, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды. Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады.
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері болып саналады.
8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ БЕРІЛЕТІН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Биыл халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге түседі. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, қосымша демалыс күні 10 наурызға (дүйсенбі) белгіленген.
Демалыс кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 8, 9 және 10 наурыз – қатарынан үш күн демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 8 және 9 наурыз – демалыс, бірақ 10 наурыз (дүйсенбі) жұмыс күні болады.