Үш қыз танысуға тырысқан ер адамды ұрып өлтірген

Сымбат Сатыбалдина

Ресейдің Калуга облысында 9 наурызға қараған түні жатүршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: 5-tv.ru

kaluganews.ru мәліметінше, 47 жастағы ер адам кафеде достарымен отырып, әйелдермен танысуға тырысқан. 

Әйел адам ер адамның бұл қылығына ашуланып, 18 жастағы қызына хабарласып, оны ер адам ұрып жібергенін айтқан. Қызы құрбысымен келіп, ер адамды сыртқа алып шыққан. 

Қыздар жабылып, ер адамның басынан бірнеше соққы жасаған. Қыздың құрбысы ер адам есінен танып қалғанына қарамастан басынан тепкен. 

Ер адам комаға түсіп, артынша мерт болған. 

Үш әйел ұсталып, артынша өлімнің нақты себебін анықтау үшін қамаудан босатылған.  

Куәгерлердің сөзінше, олар мас болған. 

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.