Ақтау әуежайының қызметкері есірткі қолданып ұсталды

Сымбат Сатыбалдина

Ақтау әуежайының қызметкері есірткі қолданып ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ТЕРГЕУ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Тексеру барысында қызметкердің есірткі пайдаланғаны анықталды. Оның тұрғылықты жерін одан әрі тінту барысында тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.