Еуропалық одақ келіссөздер барысында Киевтің мүддесін күшейтіп, Ресейдің ықтимал жаңа шабуылына жол бермеу үшін уақытша бітім кезінде де Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра беруге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Сыртқы істер жөніндегі Еуропалық одақ кеңесінің отырысы қарсаңында Брюссельде өткен брифингте мәлім болды.
Еуропалық дипломаттардың айтуынша, Еуроодақ Украинаға қақтығысты бейбіт жолмен шешуде ең тиімді позицияны қамтамасыз етуге тырысады. Ол Киевтің қолайсыз келісімнен бас тартып, тең дәрежеде диалог жүргізе алуы керек екенін атап өтті.
Егер агрессор бітімге келу шарты ретінде Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуды талап етсе, Еуропалық одақ пен оған мүше мемлекеттер мұнымен келіседі деп ойламаймын, — деді ЕО дипломаты.
Еуроодақтың тағы бір өкілі уақытша бітім кезінде Украинаға әскери қолдауды тоқтатпау керек деген пікір білдірді.