Алматылық Кенжебек Исмаилов есімді тұрғын ChatGPT-дің көмегімен сотта жеңіп шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.
Алматылық жігітке жолдағы тұтас сызықты кесіп өткені үшін айыппұл салынған. Алайда ол жолды әдейі кесіп өтпеген. Кенжебек Исмаилов алдындағы көлік қозғалмай тұрғандықтан тұтас жолды кесіп өтуге мәжбүр болған.
Осылайша былтыр желтоқсанда Исмаиловқа жол ережесін бұзғаны үшін 5 800 теңге айыппұл салынған. Бұл 50 пайыз жеңілдікпен есептегендегі айыппұл.
Кейіннен Кенжебек qamqorgov сайтынан оқиғаға қатысты видеоны қолына алғаннан кейін Алматының полиция департаментіне арыз жазған. Бірақ полиция жүргізушінің мәжбүрлі түрде жолды кесіп өткенін есептемей қойған.
CHATGPT
Осылайша Кенжебек СhatGPT-ден сотқа шағым дайындап беруін сұраған. Жасанды интеллект заңгер секілді толыққанды жауап дайындап берген. Ақыры алматылық жігіт сотта жеңіп, айыппұл төлемейтін болған.