БҚО-дағы аудан әкімдігінде екі ер адам төбелес шығарды: біреуінің жағдайы ауыр

Сымбат Сатыбалдина

БҚО-дағы аудан әкімдігінде төбелес болды. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бір ер адам ауруханаға жатқызылып, тағы біреуі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сырым аудандық әкімдігінде екі ер адам алдымен сөзге келіп қалып, артынша жаға жыртысып қалғаны туралы ақпарат тарады. 

Оқиға 15 наурызда болған. 

ПОЛИЦИЯ

Полиция мәліметінше, 44 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. 

- Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталып, жауап алынды. Тергеу бақылауда, дейді полицейлер. 

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

Медицина қызметкерлерінің сөзінше, зардап шеккен ер адамды ауруханаға полицейлер жеткізген. Науқасқа шұғыл операция жасалған. Қазіргі уақытта ол жансақтауда жатыр. 

Төбелес шығарғандар мемлекеттік қызметкерлер ме, жоқ па – әзірге белгісіз.