2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Италия Қазақстан мұнайының ең ірі сатып алушысы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ ЭКСПОРТЫ
Журналист Әнел Дәулетғалиева ұсынған мәліметтерге сәйкес, қаңтар айында Қазақстан 4,84 млн тонна мұнай экспорттап, одан 2,73 млрд АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан.
НЕГІЗГІ САТЫП АЛУШЫ ЕЛДЕР
Италия — $1 395,86 млн
Франция — $218,65 млн
Греция — $208,75 млн
Испания — $190,02 млн
Румыния — $189,38 млн
Түркия — $137,12 млн
Нидерланды — $91,58 млн
Германия — $77,99 млн
АҚШ — $58,73 млн
Қытай — $52,24 млн
Болгария — $24,83 млн
ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдердің бірі.Қазақстан мұнайы негізінен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Еуропа елдеріне тасымалданады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстан Энергетика министрлігінің ОПЕК+ келісімі аясында жасап жатқан әрекеттері мемлекетті халықаралық жанжалдың ошағына айналдыруы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы ақпанда Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 1,77 млн баррельді құраған. Бұл бекітілген 1,468 млн баррельдік квотадан 302 мың баррельге артық. Бұған қоса, Қазақстан 2024 жылғы артық өндірілген мұнай үшін ОПЕК алдында өтем жасауға міндеттелген. Сондықтан өндірістің қайтадан артуы ұйымға ұнамағаны анық.
Осыған байланысты Энергетика министрлігі шұғыл түрде мәлімдеме жасап, министрлік «ОПЕК+ келісіміне толықтай адал екенін» және «белгіленген квотадан асатын өндіріс көлеміне өтемақы төлеуді қоса алғанда, міндеттемелерді орындау бойынша мақсатты жұмысты жалғастыратынын» мәлімдеді.
Бұған дейін де министрлік бірнеше рет осындай уәде берген. Бірақ журналистер арасында кеңінен таралған әзілге сүйенсек: "Өрттің жанып жатқанын, судың ағып жатқанын және Қазақстан Энергетика министрлігінің мұнай өндіруді азайтамын деп уәде бергенін мәңгі бақи көруге болады"