Лисаков тұрғыны өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды

Сырым Қаржас

Лисаков тұрғыны кәмелет жасына толмаған өгей қызына жыныстық зорлық жасады деген күдікке ілікті. Бұл ақпаратқа қатысты құқық қорғау органдары жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

МӘН-ЖАЙЫ

“НеМолчи” қорының ақпаратына сүйенсек, Лисаков тұрғынын өгей қызына бір жыл бойы жыныстық зорлық көрсетіп келген.

Оны бәрі ақжарқын, жанашыр адам деп айтады. Көп жыл бойы мешітке көмектесіп жүрген. Бизнесі бар, 2020 жылы қалалық мәслихатқа депутат болып сайланған. Қыз бала 13 жасынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырады, бұл шамамен бір жылға жалғасқан. Тексерілмеген ақпарат бойынша, қыз бала зорлық-зомбылық туралы аудиоға жазып берді, - делінген хабарламада.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Он алты жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қостанай облысы ПД.

Бүгінде күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қор өкілдері Қарағанды облысының Абай қаласында өгей әкесі еркінен тыс тұрмысқа берген 15 жастағы қызға араша түскен.