Алматыдан 207 км қашықта жер сілкінді

Сырым Қаржас

Алматыдан 207 км жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

МӘН-ЖАЙЫ

Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі 24 наурыз күні сағат 11.47 шамасында тіркелді. Зілзала ошағы Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 207 км жерде болған. Қазақстан аумағында дүмпу сезілмеді.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Алматыдан 300 км қашықта жер сілкінісі болған.

Бұған дейін жер асты дүмпулері 11 наурызға қараған түні сезілді. Зілзала ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасынан анықталды. Жаркент тұрғындары 2 балдық сілкінуді сезінді. Ешкім зардап шеккен жоқ.