Павлодарда 12 жастағы қызды зорлаған 17 жастағы жасөспірімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Информбюро31 мәліметінше, 17 жастағы жігіттің кінәсі сараптама арқылы дәлелденген. 12 жастағы қыз жүкті болып, перинаталдық орталықта баласын босанған.
Қазіргі уақытта жас ана мен баласының жағдайы жақсы. Ол отбасымен бірге басқа ауылға көшіп кеткен.
17 жастағы жасөспірімге екі бап бойынша айып тағылған: "Баланы зорлау" және "Жыныстық зорлық-зомбылық". Сот үкім шығарар кезде айыпталушы екінші топтағы мүгедек екенін ескерген.
- Қылмыс аса ауыр санатқа жататындықтан, заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда, сот кәмелетке толмағанға 10 жылдан астам жаза тағайындай алмайтындықтан, айыпталушы М. 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деді судья.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Павлодарда 12 жастағы қыз босанғаны туралы былтыр шілдеде белгілі болған еді. Ол тамыз айында 13-ке толған.
Оқушы қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Оқиға бойынша тергеу тағайындалғаны хабарланды.