Оңтүстік Кореяда омикрон штамынан екі адам көз жұмды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Кореяда коронавирустың омикрондық штамы бар науқастар арасында алғашқы екі өлім тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

rbc.ru-дың мәліметінше, ел астанасы Сеулден оңтүстікке қарай 329 шақырым жерде орналасқан Кванджу қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайтыс болғандардың екеуі де 90 жастан асқан адам.

Олардың омикрон штамына жүргізген сынақтары қайтыс болғаннан кейін оң нәтиже көрсетті.