Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Былтыр Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.
Ер адам бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан. Күдікті әйелінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.
Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.
ПРОКУРОР НЕ ДЕЙДІ
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
СОТ ҮКІМІ
Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген.