Маңғыстауда 17 жастағы жасөспірімнің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оның өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
8 сәуірде Ақжігіт ауылында 17 жастағы бозбала жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Жақындарына оның құлап, жарақат алғаны, сол себепті көз жұмғаны айтылған. Алайда марқұмның отбасы оны біреу өлтірген болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Бұған дейін құқық қорғау органдары күдіктіге іздеу жариялаған.
Марқұммен бір ауылда тұратын 20 жастағы жігіт ұсталды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында интернаттағы жасөспірімді өлтіргендерге сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.