18 сәуірден бастап шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу бойынша пилоттық жоба қайта іске қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанның шетелдегі мекемелері арқылы ЖСН алу жаңа бекітілген алгоритм бойынша мына санаттағы шетел азаматтары үшін мүмкін болады:
Қазақстанға инвестиция салуға ниетті тұлғалар;
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне қатысушылар;
Қазақстан азаматымен некеде тұрған шетел азаматтары (некені АХАЖ жүйесіне тіркеу үшін);
Бір ата-анасы Қазақстан азаматы болып табылатын, 16 жасқа дейінгі шетел азаматтарының балалары;
Қазақстанда мұрагерлік рәсімдейтін шетел азаматтары;
Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларына қатысқысы келетіндер;
Мүгедектігі бар шетел азаматтары;
65 жастан асқан шетел азаматтары;
Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтер) өндірушілер мен тіркеушілер;
Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкілдіктердің басшылары болып табылатын шетел азаматтары.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін ресейліктерге ЖСН заңсыз берілгенін, Қазақстан полициясы тексеруді бастағанын жазған едік.