Ақмола облысында шенеуніктер 6,5 миллион теңгенің жерін заңсыз таратқан

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Ақмола облысында заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қадағалау органы заң бұзушылықты Шортанды аудандық прокуратурасы анықтағанын хабарлады.

– Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 16 мың гектардан астам пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жазған едік.

Жыл басынан бері ерікті түрде мемлекет меншігіне 5 505,63 гектар жер қайтарылды. Ең көп қайтарылған аумақтар Жамбыл (2 720,9 га), Балқаш (1 009,62 га) және Райымбек (681,8 га) аудандарына тиесілі. Жалпы алғанда, 2025 жылдың басынан бері мемлекет меншігіне қайтарылған жер көлемі 16 967 гектар болды.