Астанада тағы екі көшенің қиылысы жартылай жабылады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Астанада Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысы жартылай жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізетінін хабарлады.

Осыған байланысты, 19 сәуір күні сағат 19:00-ден бастап 21 сәуір күні сағат 07:00-ге дейін көрсетілген қиылыста қозғалыс жартылай жабылады.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді  ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы автобустардың бірі жолды жөндеу жұмыстарына байланысты бағытын өзгерткенін хабарлаған едік.