КҚК-ге жасалған шабуыл: Қазақстанның СІМ Киевпен келіссөздер туралы айтты

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуылдан кейін Украинамен коммуникацияларға қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуылға байланысты мәселелер белгіленген тәртіп бойынша дипломатиялық арналар арқылы шешіліп жатқанын мәлімдеді.

– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі украин тарапы­мен диалогты қолдайды. Екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер жағдайдың даму барысын ескере отырып, белгіленген тәртіпте шешіледі, – деп хабарлады РИА Новости-ге дипломатиялық ведомство.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 17 ақпанда украиналық дрондар Каспий құбыр консорциумының нысанына шабуыл жасады. Кейінірек бұл соққының салдары 1,5–2 ай ішінде жойылатыны белгілі болды, бұл Қазақстаннан экспортталатын мұнай көлемінің шамамен 30%-ға қысқаруына әкелуі мүмкін. Украина КҚК нысандарына соққы жасағанын растады және мұндай операциялар жалғасатынын ескертті.