Кинотеатрлар қазақстандық фильмдерден қанша табыс тапты – статистика

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Бірінші несиелік бюро 2024 жылы қазақстандық фильмдердің прокатынан еліміздегі кинотеатрлар қанша табыс тапқанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бірінші несиелік бюроның мәліметінше, 2024 жылы отандық фильмдердің прокатынан түскен табыс 17,8 млрд теңгеге жетіп, былтырғысен салыстырғанда 19,3% артқан.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы қазақстандық фильмдер 14,7 млрд теңге табыс әкелген, сол жылы өсім рекордтық 58,5%-ға жеткен.

Қызығы, сол кезеңде шетелдік фильмдерден түскен табыс тек 17,8% артып, 24,2 млрд теңге болған. Осылайша, отандық киноның өсу қарқыны халықаралық прокатты сәл де болса басып озған.