Астанадағы көшелердің бірі 10 күнге жабылады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Астанада Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш.Бөкеев көшесіне орташа жөндеу жүргізеді. Осыған байланысты учаскедегі көлік қозғалысы он күнге жабылады, деп хабарлайды 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 20-30 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылады.

– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қожғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада LRT құрылысына байланысты кейбір жолдар қыркүйекке дейін жабылатынын хабарлаған едік.