Интернет арқылы қызбен танысып, 5 млн теңге қарыз берген астаналық ақшасын сот арқылы қайтара алмай қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
Ер адам қызбен интернет арқылы танысқанын, артынша олар «WhatsApp» мессенджері арқылы сөйлесіп жүрген. Хат алмасу барысында қыз денсаулығына байланысты материалдық көмек сұраған. Ер адам Kaspi қосымшасы арқылы, оның телефон нөміріне ақша қаражатын аударған.
Істі қарау барысында екеуінің арасында романтикалық қарым-қатынастар болғаны анықталды, осыған орай ер адам материалдық көмекті ерікті түрде берген. Екеуінің арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылмаған. Kaspi арқылы жүргізілген аударымдарда ақшаны қайтару немесе басқа да міндеттемелер туралы шарттар болмаған.
СОТ ШЕШІМІ
Сот талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді. Себебі Азаматтық кодекстің 954-бабына сәйкес, қайырымдылық, материалдық көмек немесе сый ретінде берілген ақша негізсіз баю ретінде қайтарылуға жатпайды.
Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылмады.
Ер адам сот шешіміне шағым түсіргенімен, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды. Сот актісі заңды күшіне енді.