Баланы 25 жерінен тістеп тастаған — Шиелідегі балабақшада шулы оқиға болды

Сырым Қаржас
Скриншот

Шиелі ауданында балабақшада баланы қатарласы тістеп тастаған. Аталған оқиғадан кейін балабақшаның қызметкерлері жұмыстан шығарылғалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеоны әлеуметтік желіде Динара Дәстенова атты азамат бөлісті. Шағын роликте қыз баланың арқасына жара түскені көрсетілген. Дәстенова баланың 25 жерінен тістеп тастағанын жазады.

Бір-екі жерінен тістесе мейлі ғой. Бетіне дейін тістее тастаған, – дейді баланың анасы.

БІЛІМ БӨЛІМІ НЕ ДЕЙДІ

Аталған оқиға жөнінде Шиелі ауданы білім бөлімі түсініктеме берген. Бөлімнің хабарлауынша, аталмыш жағдайға байланысты Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2025 жылдың                         30 сәуір №32 бұйрығына сәйкес зерделеу мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылған.

Топ тәрбиешісі және  тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан босату бойынша ұсыныс берілді. Анасының арызы бойынша аталған оқиғаны полиция органдар тарапынан тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде, – делінген жауапта.

Баланы дәрігерлік сараптамаға жіберіліп, оқиға барысы құзырлы органдардың, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің қатаң бақылауына алынған.