1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОҒЫС
Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды.
Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілді.
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алған.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталды.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды.
110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды.