Азаматтық авиация комитеті Қазақстаннан Иорданияға тікелей рейс ашылатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Иордания Хашимиттік Корольдігінің елшісі Хамза Аль-Омаридің кездесуі барысында белгілі болды.
Кездесу барысында әуе қатынасы туралы келісімге қол қою және елдер арасында тікелей рейстер ашу мүмкіндігі талқыланды.
Елші «Royal Jordanian» әуе компаниясының 2026 жылдың маусымынан бастап Қазақстанға аптасына екі рет тікелей рейс орындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Қазақстан рейстерді ашу үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
САПАР
Еске салайық, ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапармен барған болатын. Сапар аясында бірқатар меморандумдарға қол қойылған.