Мәжіліс депутаттары қалыңдықты ұрлағаны үшін жазаны қатайтуды қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, айыппұлдан бөлек, қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Ол қалыңдық ұрлағандардың көбіне жазасыз қалатынын атап өтті. Мәліметінше, мұндай оқиғалар негізінен елдің оңтүстік өңірлерінде жиі тіркеледі.
Егер қыз 18 жасқа толмаса, немесе күш қолданса, не қылмыс топ болып жасалса, онда жаза қатаңдатылады – бес-жеті жылға дейін (бас бостандығынан айыру – ред.) жазасы беріледі. Бұл норманы неге қабылдап жатырмыз? Үш жылда мәжбүрлі неке қию және ұрлау бойынша полицияға 214 шағым түсті. Оның тек оны ғана сотқа жетті. Жағдайлардың жартысында ешқандай шара қолданылмады, кінәлілер босатылды. Қалған 205 жағдайда істер қаралмады, қылмыстық іс жабылды. Қыздар оларды ұрлағанын, көліктен секіріп кеткенін, күш қолданылғанын дәлелдесе де, еш нәтиже болмады, – деді Әбенов.
Депутаттың айтуынша, келесі аптада мәжілісмендер ұсынылған бастамаларды екінші оқылымда талқылайды.