Алматы әуежайы ертеңнен бастап жұмысын қайта бастайды

Ulysmedia

2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Әуежай басшылығының алдын ала ақпараты бойынша әуе компаниялардың ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады.

Айта кетсек, Алматыдағы бейбіт шеру бүлікке ұласқан кезде қиратылған нысандардың бірі – әуежай болатын.