Діни насихатшы Тазабек ұзатылып жатқан қызының ұстазына қажылыққа сапар сыйлады

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Әлеуметтік желілерде қоғам қайраткері, айтыскер ақын әрі діни насихатшы Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тойға қатысқан блогер Өркен Кенжебек өз парақшасында: "Мұхамеджан Тазабек ағамыздың қыз ұзату тойы – тойлардың "потологы" болды деп жазды.

Тойдан кейін Тазабектің өзі Instagram желісіндегі парақшасына бірнеше reels-видео жариялап, қызының ұзату сәттерін бөлісті. Видеолардан ұлттық дәстүрлерге ерекше мән берілгенін байқауға болады.

УМРАҒА ЖОЛДАМА

Сондай-ақ, Тазабек қызына Құран үйреткен ұстазына қажылықтың бір түрі саналатын Умра сапарына жолдама сыйлаған. 

– Осы тойдан естелік болсын деп, Фатимаға Құран үйреткен ұстазы мен күйеуіне Умраға жолдама сыйлаймыз, – деді ол.

Айта кетейік, Мұхамеджан Тазабек – бұрынғы айтыскер ақын, қазір діни насихат жүргізетін блогер. Оның қызының ұзатуынан фото-видолар әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері тарап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген адамдар туралы пікір білдірген еді. Ол денсаулығы дұрыс, қаржылық жағдайы жеткілікті, басы бос адамдардың үйленбей жүруін “күнә” деп атаған еді.