Қазақстандық фермерлерді миллиардер ететін екі шарт аталды. Қаржылық сарапшы Расул Рысмамбетовтің пікірінше, Иранға қарсы санкциялардың алынуы Қазақстан үшін тиімді болмақ деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сарапшының айтуынша, АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келісім Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін. Иран болашақта Қазақстан үшін транзиттік серіктеске айнала алады. Бұл дегеніміз — Астана ирандық порттарға қол жеткізу мүмкіндігін алады.
Санкциялар Сириядан да алынатын болса, қазақстандық өнімдер үшін тағы бір нарық ашылады. «Ең бастысы — Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт арнаға бұру», – дейді сарапшы.
Осылайша, болашақта Қазақстан үшін өз өнімдерін экспорттайтын жаңа нарықтар пайда болады.
- Кейде “сататын түгіміз жоқ” дегенді естимін. Бірақ біз ауыл шаруашылығына байыппен кірісіп, суармалы егіншілік мәселесін реттеп, ауылшаруашылық жерлерін әділ бөлуді жолға қойсақ, фермерлер болашақта миллиардер болатын еді, – дейді Расул Рысмамбетов.