БҚО-дағы колония ауласында жалаңаш жүрген сотталушының видеосынан кейін ҚАЖД қызметтік тексеру бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИДЕО
Әлеуметтік желілерде сотталған адамның колония ауласында жалаңаш жүріп, қоғамдық жұмыстарды істеп жатқан видеосы тарады. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.
- Сотталған азамат мекеме аумағын абаттандыру және күтіп ұстауға арналған екі сағаттық міндетті жұмысқа келіспейтінін білдіру үшін қарсылық ретінде киімін шешіп тастаған, – деп хабарлады департамент.
ҚАЖК бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.