Қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыдағы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Боқаев Алматыдағы Райымбек даңғылында «нағыз тастан» жасалған жаңа бордюрлерді дәл сондай жаңа бордюрлерге ауыстырып жатқанын көрсетті. Оның пікірінше, бұл бордюрлер кемінде тағы 15 жылға жарар еді.
– Ақшаны осылай желге ұшыру үшін өз еліңді қаншалықты сүймеу керек?! Тағы да «ақша игеру», тағы да жеке мүдделер. Бұл – нағыз ұрлық, алаяқтық! Мәслихат неге бақыламайды, бақылаушы органдар қайда? Яғни сіздер бизнестен салық төлеуді талап етесіздер, салықты көтересіздер – сөйтіп бұл қаржыны осылайша тиімсіз басқару үшін қажет пе бәрі? Мұны Досаевтың өзі көретіндей болсын… Салықты бұлай шашуға болмайды! Сіздің отставкаңыз туралы мәселе қазір бұрынғыдан да өзекті, – деді Боқаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін қоғам қайраткері Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік.
Санжар Боқаев пен Мұрат Адам Алматы әкімдігіне "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап етеміз" тақырыбындағы митинг өткізу жөнінде ресми өтініш тапсырған еді. Олар әкім басқарған уақыт ішінде қала күрделі ахуалға тап болғанын алға тартты.
Алайда Досаев отставкасын талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермей қойды.