АҚШ президенті: Алдымызда күтіп тұрған тағы бір пандемияға дайын болуымыз керек

Ulysmedia

Климаттық дағдарысты, коронавирус пандемиясын және соңғы онжылдықтағы басқа да сынақтары жеңу адамзаттың болашағы қалай болатынын анықтайды.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының жалпы саяси дебатында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ТАСС

ТАСС-тың хабарлауынша, АҚШ президенті осы онжылдық болашағымыз қалай болатынын анықтайтынын айтты.

«Осы онжылдық біздің болашағымыз қалай болатынын анықтайды.Жаһандық қауымдастық ретінде біз кейінге шегеруге келмейтін дағдарыстармен бетпе-бет келеміз, бірақ алдымыздан жаңа мүмкіндіктер пайда болады», - дейді Байден.

Сондай-ақ, ол климаттың өзгеруіне байланысты пайда болған пандемия мен дағдарыс туралы тоқталып өтті.

«Біз адам өмірін құтқарып, COVID-19-бен күресіп, қажетті шешім қабылдау үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек, себебі келесі пандемияға дайын болуымыз керек. Алдымызда тағы бір пандемия күтіп тұр. Қолда бар құралдарды пайдалана білмесек – қауіпті штаммдар ажалмен қауыштырады. Біз климаттың өзгеру қаупімен бетпе-бет келдік, ауа райының күрт өзгеруі әлемнің көп бөлігіне өзгеріс әкелуде», - дейді ол.