Ақмола облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Сырым Қаржас
Ақмола облысы полиция департаменті

Ақмола облысында жеңіл көлік пен жол талғамайтын көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 мамыр, сенбі күні Көкшетау – Рузаевка автожолының 12-шақырымында екі автокөлік соқтығысқан.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жол апаты салдарынан Land Cruiser Prado көлігінің бір жолаушысы, сондай-ақ Kia Rio көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, 23 мамырда Жаңаөзенде үш көлік жол апатына түскенін хабарлаған едік. Олардың екеуінде мектеп түлектері отырған.