Қазақтар не үшін Грузия шекарасынан қуылған

Сымбат Сатыбалдина
gov.kz

Грузия Қазақстан азаматтарының елге кіруіне жиі тыйым салынуын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Грузиядағы Қазақстанның Құрметті консулы және Қазақстан-грузин экономикалық бірлестігінің төрағасы Георгий Джахуташвилидің айтуынша, елге келушілер шекарадан түрлі себептермен қайтарылуда. Алайда ол бұл жағдайға қатысты “түймедейді түйедей қылып отыр” деген пікірде, деп жазады taj.report.

Оның сөзінше, Украинадағы соғыс сияқты әртүрлі факторлар Грузияға келушілер ағынының артуына әсер етіп отыр. Туристер саны көбейіп, сонымен қатар, қылмыс статистикасы да өсуде. Сол себепті шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында келушілерге қойылатын талаптар қатайтылған: олардан қайтар билеттерінің, қонақүй броньдарының, сақтандыруларының және жеткілікті қаражаттарының бар-жоғы сұралады.

СТАТИСТИКА

Джахуташвили Air Astana компаниясының мәліметін келтірді: бұл әуе компаниясы арқылы келген 100 мың қазақстандықтың тек 260-ы ғана Грузия шекарасынан кері қайтарылған. Ал өзге елдерде бұл көрсеткіш 6-7%-ға дейін жетеді.

КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Алайда тараптар бұл мәселені шешу үшін келісімге келген.

– Біз талаптарды күшейтумен қатар, грузин тарапы қонақжайлықты “біршама жіберіп алғанын” мойындаймыз. Заңның орындалуын қатаң талап ету керек, бірақ қонақжайлықты жоғалтып алмау қажет – бұл сервистің бір бөлігі. Бұл мәселе шешілді деуге болады: Грузияның экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Мариам Квривишвили РК азаматтарына кейбір жеңілдіктер жасалатынын растады: олардан қайтар билеті мен қонақүй броні талап етілмейді. Сонымен қатар, шекара қызметкерлері үшін “қосымша сервис” тренингтері өткізіледі, – деді Георгий Джахуташвили.