Қазгидромет ескертті: демалыс күндері 40 градусқа дейін ыстық болады

Сырым Қаржас
citizen.co.za

Синоптиктер 2 маусымға дейін ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі.

1-2 МАУСЫМ

1 маусым күндіз еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылуы күтілуде.

ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжануда.