Израиль Рафахқа соққы жасады: гуманитарлық көмек пункті жанында 30 адам қаза тапты

Сырым Қаржас
REUTERS

Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасалған Израиль соққысы салдарынан кемінде 30 адам қаза тауып, 115-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz палестиналық WAFA агенттігіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

WAFA агенттігінің хабарлауынша, соққы Газа гуманитарлық қоры (GHF) жұмыс істейтін ауданда жасалған. Бұл ұйым гуманитарлық көмекті тарату жұмыстарымен айналысады және Израильдің қолдауымен жұмыс істейді.

Оқиғаға байланысты Израиль билігі әлі ресми пікір білдірген жоқ, деп жазды Reuters.

АНЫҚТАМА

Бұл – GHF пункттері маңындағы алғашқы шабуыл емес. 28 мамырда ХАМАС Израильді үш палестиналықты өлтірді және тағы 46 адамды жарақаттады деп айыптаған. Ол кезде GHF өкілдері бұл айыптауларды жоққа шығарған.

Ал Израиль армиясы “объект маңындағы жағдайды бақылауға алу үшін және көпшілікті тарату мақсатында ескерту оғы атылды” деп мәлімдеген.