ҚазМұнайГаз қарызды юаньмен ала бастайды – Bloomberg

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

«ҚазМұнайГаз» қаржыландыруды арзандату мақсатында қытай юаніндегі облигацияларды шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компанияның бас директоры Асхат Хасеновтың айтуынша, ҚазМұнайГаздың юаньда екі түрлі облигация шығару мүмкіндігі бар. Panda bonds – бұл шетелдік компаниялар шығарған және Қытайдың ішкі нарығында сатылатын облигациялар. Ал Гонконгте шығарылып, Қытай материгінен тыс сатылатын юаньдағы қарыздық бағалы қағаздар Dim sum bonds деп аталады. ҚазМұнайГаз осы екі нұсқаның бірін таңдайды, бұл ұлттық компания үшін юаньда шығарылатын алғашқы облигациялар болады. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасап OilgazKZ жазды.

Хасенов екі нұсқаның да «жақсы шарттар ұсынатынын» және кейін долларға ауыстыру мүмкіндігі бар екенін хабарлаған.

КОНТЕКСТ

Bloomberg кейінгі кезде Қытайдың қарыз нарығына шетелдіктен қатты қызығатынын атап көрсетеді, себебі инвестиция тарту шығындары айтарлықтай төмендеген. Бұған дейін Bloomberg Қазақстанның Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытын салу жобасын «ҚазМұнайГазға» тапсыруы мүмкін екенін хабарлаған.