Алдағы күндері кей өңірде нөсер жауын жауып, кей өңірде аптап ыстық болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢБЫР МЕН БҰРШАҚ

Елдегі ауа райын белсенді циклон мен фронтальды бөліктер анықтайды. Батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Осы аймақтарда нөсер жауын мен бұршақ жаууы да мүмкін.

АПТАП ЫСТЫҚ

  • Батыста ауа температурасы +22…+30 °C-тан +30…+37 °C-қа дейін көтеріледі.
  • Солтүстік-батыста +20…+30 °C-тан +23…+33 °C-қа дейін көтеріледі.
  •  Солтүстікте +18…+28 °C аралығында болады.
  • Орталық пен шығыста температура +23…+34 °C (кей аудандарда +35…+38 °C дейін) көрсеткішінен +20…+33 °C-қа дейін төмендейді.
  • Оңтүстікте ауа райы +25…+35 °C-тен +29…+37 °C-қа дейін жылынады.
  • Оңтүстік-шығыста аномальды ыстық сақталады – +30…+39 °C дейін.