Алматыда үш жасөспірім тауда адасып қалды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Алматыда құтқарушылар тауда адасқан жасөспірімдерге көмектесті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бүгін Медеу ауданындағы Көкжайлау шатқалында (2200м) серуендеп жүрген 17 жастағы үш жасөспірім жаңбырдың салдарынан таудан түсу кезінде бағыттан адасып, 112- ге көмекке жүгінді.

Геолокация деректері бойынша оқиға орнына дереу аттанған ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жаяу іздеу жұмыстарын бастап, көп ұзамай жоғалғандарды тапты.

Медициналық көмек қажет болмағанымен, кәсіби әрі жедел әрекеттердің арқасында жасөспірімдер қауіпсіз түрде төменге жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының таулы аймағында үш жасөспірім мен бір ересек адам жоғалған еді. Құтқарушылар іздеу операциясына дрондарды қолданған еді.

Сондай-ақ Ulysmedia редакциясы тауда серуендейтіндер білуге тиіс қауіпсіздік шаралары туралы жазған еді.