Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
– Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ
Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрлігін 2022 жылдың қаңтарынан бастап басқарды. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет сынға ұшыраған. Жұртшылық армиядағы тұрақты жазатайым оқиғаларға, зорлық-зомбылық пен суицидтің жиілеп кеткеніне наразы.
Қазақстан армиясында 4 жыл ішінде 90-ға жуық суицид жасалған.