Алматы әкімі ақауы жоқ жиектастар мен асфальтты жөнсіз жөндеу жұмыстарын сынады

Сырым Қаржас
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жөнсіз жөндеу жұмыстарына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Дархан Сатыбалды Бостандық ауданына жұмыс сапары барысында ақауы жоқ жиектастар мен асфальтты жөнсіз ауыстыру фактілеріне қатысты ескерту жасады.

Қала басшысы нақты зақымданған жерлерге ғана жөндеу жүргізу керегін қатаң тапсырды.

Сапар аясында әкім бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралап, жаңа сквер, мектеп, көпір және жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы мен абаттандыру барысымен танысты. Барлық жобаларда экологиялық тепе-теңдік пен сапаға мән беруді міндеттеді. Сонымен қатар тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мен көгалдандыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды және оның құрылыс компанияларына иелік ететін ағалары туралы сұраққа жауап берген еді.