Қазгидромет ескертуі: алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Сырым Қаржас
citizen.co.za

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

ТЕМПЕРАТУРА

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градус жылыдан 15-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 радус жылыдан 20-31 градус жылыға дейін төмендейді деп күтілуде. Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді.

46 ГРАДУС

Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус жылыдан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус жылыға дейін аздаған жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.