Алматы облысында Lamborghini көлігінің үстінен секіріп өтіп, трюк жасаймын деп мерт болған жас баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ОТЫРЫСЫ
12 маусымда Алматы облысы Іле аудандық сотында көлік жүргізушісі П.ға қатысты қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қаралды.
СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ
2024 жылғы 29 қазанда Іле ауданындағы «Сокол» СТК аумағында бейнеролик түсіру кезінде жас бала (Е.) қаза тапты. Ол жүргізуші басқарып отырған көліктің үстінен секіруге әрекет жасаған. Кәсіби дайындықтың және әрекеттердің келісілмеуінің салдарынан бұл трюк қайғылы оқиғамен аяқталды. Жүргізуші видео түсірмек болған жас баланы қағып кетіп, оған өлімге әкелетін жарақаттар келтірген.
ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ
Прокурор П.-ға бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Айыпталушы П. өз кінәсін толық мойындады, алайда жәбірленушілердің әрқайсысына 100 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаппен келіспейтінін білдірді.
Жәбірленушілер А. және А. бұл қылмысты қасақана жасалған деп санап, істі ҚР ҚК-нің 106-бабына қайта саралауды сұрады.
ДӘЛЕЛДЕР
Қылмыстық Кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сотта зерттелген қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде бейне жазбалармен толық дәлелденді.
СОТ ҮКІМІ
Сот көлік жүргізушісін ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот жазаны тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде — айыпталушының кәмелетке толмаған мүгедек баласының бар екенін, шын жүректен өкінуін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жаза ҚР ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес белгіленді.
МОРАЛЬДЫҚ ӨТЕМАҚЫ
Сондай-ақ, сот моральдық зиянды өндіру туралы шешім шығарды:
Материалдық зиянға қатысты сот жәбірленушілерге азаматтық іс жүргізу тәртібімен талап қою құқығын сақтап қалды. Айыпты қайта саралау туралы өтініш прокурор тарапынан қолдау таппауына байланысты сотпен қанағаттандырылмады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.