Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде аптап ыстықтан жайылым, құрғап, мал қырыла бастағанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Қалай қырылып жатыр? Жалған ақпарат қой ол. Ешқандай мал қырылып жатқан жоқ. Хабарым бар, Бірақ ол жалған ақпарат, – дейді Көшеров.
МАЛДЫҢ ҚЫРЫЛУЫ
Айта кетейік, Almaty TV мәліметінше, Келес ауданындағы тұрғындар төрт түлікті қорада қамап ұстауға мәжбүр. Өйткені жайылымда шөп жоқ, жердің шаңы шығып жатыр. Қыстан әлсіреп шыққан мал арықтап, көтерем бола бастапты.
Қуаңшылық салдарынан шығынға ұшыраған мал басы әлі күнге дейін ресми есепке алынбаған.
Жергілікті шаруалар шөп бағасының да аспандап кеткенін айтты. Бұрын 400-500 теңге тұратын бір бума шөп бағасы мың теңгеден асқан.