Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, коронавирустың «Омикрон» штамымен ауыру – көп жағдайда жеңіл және симптомсыз түрде өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Коронавирустың бұл түрі қысқа 2 күндік жұғу кезеңімен сипатталуда. Аурудың еселеп көбеюі де содан. Аурудың алғашқы белгілері тұмау мен жедел респираторлық аурулардағы сияқты «суық тию» көрінісі, яғни қызу, әлсіздік, бас ауруы, жөтел болып саналады», - деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша,, бүгінгі жағдай бойынша аурулардың 80%, яғни 78 629 ауру амбулаториялық ем алып жатыр
«Соңғы аптада анықталған жағдайлардың ішінде ауруханаға жатқызылған адамдардың үлес салмағы 19,5% - құрайды, стационарға аурудың орташа және ауыр дәрежесімен ауыратын пациенттер түсуде. Бұл ретте, емдеуге жатқызылған адамдардың ішінде ауыр және өте ауыр пациенттердің үлесі 5%-ды құрайды», - деді ол.