Елде қазақтілді контентті сирек тарататын телерадиоарналар жазалануы мүмкін

Сырым Қаржас
фото: immunocap.ru

Телерадиоарналарды қазақ тіліндегі контентті сирек таратқаны үшін жазалау ұсынылуда. Бұл туралы салалық ведомствоның бастамасына сүйене отырып, хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы құжат жобасын ұсынды. Жоба 2025 жылдың 10 шілдесіне дейін көпшілік талқылауына шығарылған.

ТАЛАП

Ұсынылған негізгі өзгерістердің бірі – телеканалдар мен радиостанциялар үшін қазақ тіліндегі хабар тарату үлесі 55%-дан кем болмауы тиіс деген талапты енгізу. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

АЙЫППҰЛ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН

Алайда бұл норманы бұзғаны үшін айыппұл көзделмеген, бұл өз кезегінде оның тиімділігіне күмән тудырады. Сонымен қатар, «Жарнама туралы» заң бойынша телерадиоэфирдегі жарнама көлемі тәуліктік жалпы уақыттың 20%-ынан аспауы тиіс. Бірақ бұл норманың ӘҚБтК-ге енгізілмегені медиа ұйымдарға талапты сақтауды қиындатады.

Аталған бастама "Ашық НҚА" платформасында қоғамдық талқылауға ұсынылған.