Украинаның Еуроодаққа кіру туралы келіссөзіне Венгрия вето қойды

Ulysmedia
Фото: facebook com orbanviktor

Венгрия Украинаға қолдау білдіру жөніндегі Еуропа одағының ортақ мәлімдемесіне вето қойды. Бұл туралы «Украинская правда» және «РБК-Украина» басылымдары жазды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Одаққа мүше 26 мемлекет Киев пен Еурокомиссияны Украинаның Еуроодаққа кіруіне дайындық жұмыстарын жеделдетуге үндеген. Бірақ қолданыстағы заңға сәйкес, Еуропа одағына мүше елдердің келісімі бірауыздан қабылдануы тиіс. Венгрия өз ұстанымын өзгертпейінше, келіссөздердің алғашқы кезеңін ресми түрде бастау туралы шешім қабылданбайды.

Келіссөз бастау туралы шешімнен бөлек, Еуроодақ тарапынан Украинаға көрсетілетін қаржылай қолдау да тоқтатылды. Еуроодаққа мүше Венгрия мен одақ құрамына енуге үміткер Украина арасындағы көп жылдық қарым-қатынас қазір ең төменгі деңгейде.