Қазақстандықтар көбіне қай айда үйленеді

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Ресми статистикаға сәйкес, қазақстандықтар көбіне тамыз айында үйленеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Kapital.kz мәліметінше, орта есеппен онжылдықта тамыз айында 14,9 мың неке қиылған. Ең көбі 2016 жылы тіркелген, ол жылы 16,9 мың жұп үйленген. 2015-2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек айында үйленгендер көп болды. 

Алайда кейінгі екі жылда қыркүйек айына қарағанда маусым айында үйленгендер көп болған. Мысалы 2024 жылы маусымда 11,6 мың жұп шаңырақ көтерсе, қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген. 

- Осылайша 2023 жылдан бері маусым, шілде және тамыз айында үйленгендер көп болған, делінген ұлттық статистика бюросының жауабында. 

ҚАЙ АЙДА АЗ

Ал қаңтар айында үйленгендер саны аз. Сонымен қатар, мамыр айында үйленетін адамдар саны аз болған.