Алматыда қандала қаптады: әкімдік себебін түсіндірді

Сырым Қаржас
klopy.geradez.ru

Алматылықтар кейінгі уақытта көбейгеніне шағымданып жатыр, жәндіктер, әсіресе, бірінші қабаттардағы пәтерлерге жиі кіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әкімдік бұл жәндіктердің күрт көбеюі күннің ысуымен байланысты екенін мәлімдеді.

— Қандаланың көбею себебі — ауа райының күрт өзгеруі: көктемнің салқындығы мен ауа температурасының бірден +35° дейін көтерілуі. Бұл шіркей-қандаланың көбеюіне өте қолайлы жағдай туғызды, — деді әкімдік өкілдері.

Алматы әкімдігі зиянкестерге қарсы күрес адам мен жануарлар үшін қауіпсіз биологиялық құралдар арқылы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жасыл желектерге өңдеу жұмыстары күн сайын, негізінен түнде және таңертеңгі уақытта жүргізіледі.

Биологиялық өңдеудің бірінші кезеңі сәуір айында аяқталған. Маусымда екінші кезең аяқталуға жақын. Үшіншісі 5 шілдеден 5 тамызға дейін өтеді, ал соңғы кезең 15 тамыз бен 20 қыркүйек аралығына жоспарланған.