Иран 9 атом бомбасын жасай алады

Ulysmedia

Иран қолында болуы мүмкін байытылған ураннан 9 атом бомбасын жасай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

400 келі байытылған уран

Reuters агенттігінің жазуынша, Батыс елдері мен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Иранда байытылған 400 келі уранның қайда екенін білмейді. Агенттік есебінше, АҚШ соққысына дейін Иранда 60 пайызға дейін байытылған 400 келі уран болған. Бұл 9 атом бомбасын жасауға жеткілікті. Қару жасау үшін уран 90 пайызға дейін байытылуы тиіс.

Шабуыл және мәлімдеме

АҚШ Иранның үш бірдей ядролық нысанын бункерге қарсы бомбамен атқылаған. Президент Дональд Трмап «әскери операция сәтті өтті» деген. Бірақ Иран соққыға дейін ядролық нысандардан уран материалдары мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды деп мәлімдеген. Тегеран ядролық нысандарға айтарлықтай зақым келген жоқ деген.

БАҚ 

Бұдан өзге, бірқатар CNN, The New York Times, Financial Tims сияқты басылымдар Пентагонның барлау қызметіндегі дереккөздеріне сілтеп, Иран ядролық бағдарламасы толықтай күйреген жоқ деген. Дональд Трмап пен Пентагон басшысы Пит Хегсет оны жоққа шығарған.

13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасаған. Кейіннен оған АҚШ қосылған. Иран қарымта ретінде Израильдің бірнше қаласын, АҚШ-тың Катардағы әскери базасын зымыранмен атқылаған. Кейіннен тараптар мақсаттарына жеткенін айтып, атысты тоқтатқан.