Қырғызстанның ірі мемлекеттік жоғары оқу орнында жалған мәліметтер енгізу дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде (ҚМУ) қызметтік жалғандық фактілері анықталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, университеттегі кейбір шетелдік студенттер іс жүзінде Қырғызстанда болмаған және оқу процесіне қатыспаған. Бұл дерек Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлігі ("Қызметтік жалғандық") бойынша тіркелген.
Тексеру нәтижесінде 59 шетелдік студент оқу орнынан шығарылды, олардың ішінде 20-сы – Қазақстан азаматтары.
Қазір тергеу барысында бұл схемаға қатысы бар оқытушылар мен университет қызметкерлері анықталуда.